"2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 89 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 6313 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 12 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 ақпанда № 6161 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тапсырыс берушілер үшін "Қазалы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.".

      2. Қаулының орындалуын бақылау Қазалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ М. ЕРГЕШБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады