2019 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 798 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 қыркүйекте № 6440 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 886 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 10.01.2019 № 886 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер айқындалсын.

      3. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Қошалақовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қармақшы ауданының әкімі С.Мақашов

  Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "18" қыркүйектегі № 798 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы орындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер

Атауы

1.

Тауарлар:

1.1.

Қатты отын (көмір) және сұйық отын (дизельді отын).

2.

Жұмыстар:

2.1.

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді салу немесе реконструкциялау;

2.2.

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын салу.

3.

Көрсетілетін қызметтер:

3.1.

Аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын көрсетілетін қызметтер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асқан кезде).


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады