Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 20.12.2020 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 12590 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2. "Қармақшы ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 798 "2019 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6440 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ә.Қошалақов |