“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “2018 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 262 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 6104 болып тіркелген, 2018 жылғы 9 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2018 жылғы 9 қаңтарда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен белгіленген 2018 жылға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квотада:
реттік нөмірі 1-жол жаңа редакцияда жазылсын:
“
1 | “Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 997 | 4 | 2 |
”.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |