Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 30.12.2020 № 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы кодексінің 529-бабы 6-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі №196 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 27.01.2020 № 17 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).