Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 30.12.2020 № 193 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 196 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6426 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі 2020 жылғы 27 қаңтары № 17 қаулысына қосымша |