“Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалағаш ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) “Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 196 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6426 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) “Жалағаш ауданында салық салу объектісінің елді мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 196 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 17 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7225 болып тіркелген, 2020 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.