"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 07 ақпандағы №1 қорытындысына сәйкес Тереңөзек кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентіндегі:
1) жаңа көшеге "Елтай Тыныштықбаев" есімі;
2) жаңа көшеге "Қожанбай Бекжанов" есімі берілсін.
2. Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінің келесі көшелері:
1) Ақтам көшесінің бойындағы "Айтбай арық" каналы мен Т.Қозыбаев тұйығы аралығындағы бөлігін "Арғынбай Сырғабаев" есімімен;
2) Қызылдихан көшесі "Оспан Мәлібаев" есімімен қайта аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары А.Ұзақбаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Тереңөзек кентінің әкімі | Н.Бисембаев |