Түпқараған ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 28/194 "Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/192 және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 20 шілдедегі № 114 бірлескен шешімі мен қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 тамызда № 3697 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 10-09-1627 ұсынысының негізінде, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 28/194 "Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2672 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      қосымшаға сәйкес белгіленген Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының сызбасындағы "Ақшұқыр селосы", "Сайын Шапағатов селолық округі" деген сөз тіркестері тиісінше "Ақшұқыр ауылы", "Сайын Шапағатов ауылдық округі" деген сөз тіркестерімен ауыстырылсын.

      2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Л.Ашикбаева
     
      Аудан әкімі Т.Асауов
     
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Досанова

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақшұқыр ауылының әкімі

      А.Нугманов

      20 шілде 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық жер

      қатынастары, сәулет және қала

      құрылысы бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысының

      міндетін атқарушы

      Ж.Тұрмұқанбетов

      20 шілде 2018 жыл

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Түпқараған аудандық

      құрылыс бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.Жанбырбаев

      20 шілде 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады