Әкімдіктің 2018 жылғы 15 мамырдағы № 166 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 399 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 28 қарашада № 8793 болып тіркелді

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арқалық қаласы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2018 жылғы 15 мамырдағы № 166 қаулысына (2018 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7818 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі кіріспе жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Арқалық қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі К. Абишев

  Әкімдіктің
2019 жылғы 15 қарашадағы
№ 399 қаулысына
қосымша


  Әкімдіктің
2018 жылғы 15 мамырдағы
№ 166 қаулысына
қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      2) акушер;

      3) мейіргер;

      4) кеңейтілген практика мейіргері;

      5) зертханашы (медициналық);

      6) фельдшер;

      7) медициналық тіркеуші.

      2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедек балалар мен 18-жастан асқан мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      3. Білім беру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (шағын жинақталған мектептен, мектепке дейінгі білім беру ұйымынан, әдістемелік кабинеттен (орталықтан) басқа);

      2) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (шағын жинақталған мектептен басқа) басшысының орынбасары;

      3) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі білім беру ұйымының, әдістемелік кабинеттің (орталық) басшысы;

      4) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын: шағын жинақталған мектеп басшысының орынбасары;

      5) әдіскер (негізгі қызметтердің);

      6) дене шынықтыру жетекшісі (негізгі қызметтердің);

      7) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық мамандық мұғалімдері;

      8) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологі;

      9) педагог-психолог (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог-психологін қоспағанда);

      10) қосымша білім беретін педагог;

      11) әлеуметтік педагог;

      12) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы;

      13) кітапхананың басшысы (меңгерушісі);

      14) кітапханашы;

      15) тәлімгер;

      16) тәрбиелеуші;

      17) музыкалық жетекші (негізгі қызметтердің);

      18) зертханашы;

      19) мейірбике (мейіргер);

      20) емдәмдік мейірбике.

      4. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы;

      2) библиограф;

      3) кітапханашы;

      4) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);

      5) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);

      6) музыкалық жетекші.

      5. Спорт саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) әдіскер.

      6. Ветеринария саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1) ветеринариялық дәрігер;

      2) ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады