Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 145 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 мамырда № 7741 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 461 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 461 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының 50-1-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Лисаков қаласыныңәкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Лисаков қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қостанай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулынымемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Лисаков қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялау үшін жолдауды;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары А.Т. Сұлтановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков қаласының әкімі А. Исмағұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

      Қостанай облысы

      Ішкі істер департаменті

      Лисаков қаласының

      ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің

      бастығы

      __________ Қ. Сатубалдин

      "Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігінің

      Қоғамдық денсаулық сақтау

      комитетінің Қостанай облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің Лисаковск

      қалалық қоғамдық денсаулық

      сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      __________ А. Горбенко

  Әкімдіктің
2018 жылғы 17 сәуірдегі
№ 145 қаулысына қосымша

Лисаков қаласының әкімшілік аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      1. Лисаков қаласы, Труд көшесі, № 6А құрылыстың жанында.

      2. Лисаков қаласы, Верхнетобольский көшесі, № 4 құрылыстың жанында.

      3. Лисаков қаласы, 2 шағын аудан, № 32 құрылыстың жанында.

      4. Лисаков қаласы, Октябрь кенті, Алматы көшесі, № 31 үйдің жанында.

      5. Лисаков қаласы, Красногор ауылы, Парковый көшесі, № 14 құрылыстың жанында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады