2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Амангелді ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Амангелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 мамырдағы № 55 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 7846 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Амангелді ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Амангелді ауданы әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Амангелді ауданының әкімі Н. Өтегенов

  Әкімдіктің
2018 жылғы 29 мамырдағы
№ 55 қаулысына қосымша

2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Амангелді ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

IV жартылай шөлейтті аймақ

1

Жұмсақ жаздық бидай

2018 жылғы 15 мамырдан бастап 2 маусымға дейін

2

Қатты жаздық бидай

2018 жылғы 18 мамырдан бастап 28 мамырға дейін

3

Жаздық арпа

2018 жылғы 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

4

Күздік бидай

2018 жылғы 25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады