2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Қарасу ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 шілдедегі № 98 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 7993 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарасу ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 5 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қарасу ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Е. Балжақаев

  Әкімдіктің
2018 жылғы 12 шілдедегі
№ 98 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қарасу ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

II табиғи-климаттық аймақ (дала)

1

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан бастап 2 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 28 мамырға дейін

3

Күздік бидай

25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

4

Сұлы

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

5

Жаздық арпа

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

6

Тары

20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

7

Бұршақ

20 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

8

Аңқа

15 мамырдан бастап 25 мамырға дейін

9

Күнбағыс

5 мамырдан бастап 18 мамырға дейін

10

Рапс

20 мамырдан бастап 28 мамырға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады