"Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және "Казақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 01-20/351 ұсынысы негізінде, Айдарлы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Айдарлы ауылдық округінің Герцено ауылы аумағында орналасқан Епифанов Виктор Николаевичтің ауласынан құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Айдарлы ауылдық округі әкімі шешімінің 2017 жылғы 2 қазан № 1 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтіқ актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7256 тіркелген, 2017 жылғы 31 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Айдарлы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімде аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Айдарлы ауылдық округінің әкімі | М. Нұғманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шараушылығы министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетінің Қарасу
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________ Таукеев Е.А.
2018 жылғы "5" ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы денсаулық
сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық
сақтау комитетінің Қостанай облысы
қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Қарасу аудандық
қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы" республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________________ Кайзер В.В.
2018 жылғы "5" ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қарасу ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Бейсенов А.Б.
2018 жылғы "5" ақпан