2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 290 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 маусымда № 7861 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қостанай ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Қостанай ауданы әкімдігінің "Ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі К. Ахметов

  Әкімдіктің
2018 жылғы "30" мамырдағы
№ 290 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Қостанай ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімнің түрлері

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

II табиғи-климаттық аймақ (дала)

1

Жаздық жұмсақ бидай

15 мамырдан бастап 2 маусымға дейін

2

Жаздық қатты бидай

18 мамырдан бастап 28 мамырға дейін

3

Күздік бидай

25 тамыздан бастап 15 қыркүйекке дейін

4

Сұлы

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

5

Жаздық арпа

15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

6

Тары

20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін

7

Бұршақ

20 мамырдан бастап 31 мамырға дейін

8

Аңқа

15 мамырдан бастап 25 мамырға дейін

9

Күнбағыс

5 мамырдан бастап 18 мамырға дейін

10

Рапс

20 мамырдан бастап 28 мамырға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады