Қостанай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 636 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 361 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 7951 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 21.05.2019 № 310 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 6 тармағы 28-бабына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 636 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5074 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 қазанда "Арна" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы 2, 7, 12 реттік нөмірлері жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2

Еңбек ауылы

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Еңбек ауылының негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта

      ";

      "

7

И.Ф. Павлов атындағы ауыл

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "И.Ф. Павлов атындағы ауылының орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта

      ";

      "

12

Қостомар ауылы

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Семенов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдындағы тақта

      ".

      2. "Қостанай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай ауданының әкімі К. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады