2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 4 маусымдағы № 97 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 маусымда № 7850 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Меңдіқара ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Меңдіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Меңдіқара ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меңдіқара ауданының әкімі Е. Теменов

  Әкімдіктің
2018 жылғы "4" маусымдағы
№ 97 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі Меңдіқара ауданының аумағында егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрі

Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері

II табиғи-климаттық аймақ (дала)

1

Жаздық бидай

15 мамырдан 2 маусымға дейін

2

Жаздық арпа

15 мамырдан 5 маусымға дейін

3

Сұлы

15 мамырдан 5 маусымға дейін

4

Тары

20 мамырдан 5 маусымға дейін

5

Бұршақ

20 мамырдан 31 мамырға дейін

6

Рапс

20 мамырдан 28 мамырға дейін

7

Күнбағыс

5 мамырдан 18 мамырға дейін

8

Аңқа

15 мамырдан 25 мамырға дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады