Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 "Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 92 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 мамырда № 7738 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Федоров ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 435 Федоров ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      1-жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

1

Федоров ауылы

Абай көшесі –Легкодухов көшесінің қиылысындағы тақта;
Набережная көшесі – Мухтар Ауэзов көшесінің қиылысындағы тақта;
Шевченко көшесі - Набережная көшесінің қиылысындағы тақта;
Легкодухов көшесі – Камалидден Жиентаев көшесінің қиылысындағы тақта;
Юнацкий көшесіндегі тақта (сауда алаңының ауданы);
Пушкин көшесіндегі тақта;
Водопроводный көшесі – Карл Либкнехта көшесінің қиылысындағы тақта;

      ".

      2. "Федоров ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгілінген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоров ауданының әкімі Т. Исабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Федоров аудандық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ____________ Т. Волоткевич

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады