Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қосымшаға сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың бюджеттік саясат және аумақтың экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Ж. Таскенов |
Мәслихат хатшысы | Ж. Ш. Ташенев |
Ақтоғай аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 қаңтардағы № 159/28 шешіміне қосымша |
Ақтоғай аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "2017 - 2019 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" № 51/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтарда аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы (VI шақырылған, ХI кезекті сессиясы) "2017 - 2019 жылдарға арналған "Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" № 51/11 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 86/15 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5476 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 сәуірде аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
3. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 шілдедегі "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы (VI шақырылған, ХI кезекті сессиясы) "2017 - 2019 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" № 51/11 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 95/18 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5581 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 шілдеде аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
4. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 қыркүйектегі "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "2017 - 2019 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" № 51/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 104/20 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5640 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қазанда аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
5. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы "Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "2017 - 2019 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" № 51/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 113/22 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5705 болып тіркелген, 2017 жылғы 30 қарашада аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).
6. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 желтоқсандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы "2017 - 2019 жылдарға арналған Ақтоғай ауданының бюджеті туралы" № 51/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 128/24 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5744 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 желтоқсанда аудандық "Ауыл тынысы", "Пульс села" газеттерінде жарияланған).