Успен ауданы Қаратай ауылындағы кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы Қаратай ауылы әкімінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 5849 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы Қаратай ауылының тұрғындарының пікірі ескеріле отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 30 мамырдағы және 2017 жылғы 15 тамыздағы қорытындылары негізінде, Қаратай ауылы әкімінің міндетін аткарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен ауданы Қаратай ауылындағы келесі көшелері:

      "Степная" көшесі "Азаттық" көшесі болып;

      "Октябрьская" көшесі "Татулық" көшесі болып;

      "Полтавская" көшесі "Тәуелсіздік" көшесі болып;

      "Кузнецкая" көшесі "Бірлік" көшесі болып;

      "Школьная" көшесі "Ыбырай Алтынсарин" көшесі болып;

      "Молодежная" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі болып;

      "Центральная" көшесі "Мәншүк Мәметова" көшесі болып;

      "Молдавская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратай ауылы әкімінің
      міндетін атқарушы Ү. Ивашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады