Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 12.09.2022 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 505 бабына және 509 бабының 3 тармағына сәйкес, IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының III сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 12 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 930 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 сәуірде "Алматы ақшамы" және 2012 жылғы 14 сәуірде "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санатына, келесі мазмұндағы 5-1 реттік санымен толықтырылсын:
5-1 |
Мыналармен жабдықталған жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге тиесілі автотұрақтар (алаң түріндегі): | Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкер-лерге тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімге қою | Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін | II санат |
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының құрылыс және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы М.Ә. Әділхановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.А. Дәрібаевқа жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
VI сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXVI сессиясының төрағасы |
А. Гарбер |
VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |
Қ. Қазанбаев |