"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 24-7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 маусымда № 4744 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 13.10.2023 № 9-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2017 жылғы 3 наурыздағы № 10-3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4121 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      2-тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      3-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "3. Осы Қағидалар Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының аумағында тұрақты тұрып жатқан тұлғаларға таратылады.";

      келесі мазмұнда 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Осы Қағидалардың 3-қосымшасының 20) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша әлеуметтік көмек мына құжаттарды ұсынған кезде, жеке тұрғын үй салуға сүрек түбірі құнының 50 (елу) пайыз мөлшерінде өтініш иесіне төлем түрінде бір рет көрсетіледі:

      1) өтініш;

      2) өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжат;

      3) тұрғылықты жері бойынша тіркелуін растайтын құжат;

      4) осы Қағидалардың 3-қосымшасының 20) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататынын куәландыратын құжат;

      5) қабығы алынбаған іске жарамды сүрек түбірін алуға рұқсат.

      Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.";

      3-қосымшаның 18) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "18) амбулаториялық емдеуде жатқан туберкулездің белсенді түрімен ауыратын тұлғалардың қажеттілігі;";

      3-қосымша мына мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:

      "20) жеке тұрғын үй салу үшін 40 (қырық) тығыз текше метрден артық емес мөлшерде сүрек түбірін босатқан кезде Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 9-бабының 1-тармағында атап көрсетілген қаза тапқан әскери қызметшiлер отбасыларының қажеттілігі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
ХXIV сессиясының төрайымы
А. Нұрмағанбетова
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
хатшысы
Е. Әділбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

      ______________________ Қ. Ақсақалов

      2018 жылғы "25" 05

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады