Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес 2018 жылғы 28 тамыздағы облыстық онамастикалық комиссиясы қорытындысының негізінде, Бескөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл ауылдық округі Бескөл ауылындағы "Новая" көшесі "Ислям Баукенов" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бескөл ауылдық округінің әкімі |
Е. Багенов |