Тимирязев аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихатының 2022 жылғы 2 тамыздағы № 14/1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 3 тамызда № 29001 болып тіркелді

      Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тимирязев аудандық мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы" 2018 жылғы 12 наурыздағы № 21/6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4619 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШТІ:";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы А. Асанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады