Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 28.02.2020 № 478 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 бабына, 509 бабының 3 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44 бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Атырау қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлермелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
3. Салықты есептеу кезінде жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын орналасқан елді мекен Атырау қаласы болып айқындалсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәслихаттың инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы саласы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (Қ. Джаумбаев).
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ХХХІІІ сессия төрағасы | К. Азмуханов |
Мәслихат хатшысы | Р. Джанглишов |
Атырау қаласы Мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 309 шешіміне 1 қосымша |
Атырау қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары |
1. | Ашық типті және жабық типті жер үсті автотұрақтары | I санат |
2. | Басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар | II санат |
3. | Ғимараттың цокольді және (немесе) жер асты деңгейінде орналасқан және осы ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) | IIІ санат |
Атырау қаласы Мәслихатының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 309 шешіміне 2 қосымша |
Атырау қаласында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына қарай автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлермелері
№ | Автотұрақтардың (паркингтердің) түрлері | Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары | Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемесі (теңге) | Базалық салық мөлшерлеменің ұлғаюы |
1. | Ашық типті және жабық типті жер үсті автотұрақтары | І | 8,20 | он есе |
2. | Басқа мақсаттағы ғимараттарға қатар салынған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар | ІІ | 8,20 | он есе |
3. | Ғимараттың цокольді және (немесе) жер асты деңгейінде орналасқан және осы ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер) | ІІІ | 8,20 | он есе |