Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 141 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 маусымда № 4156 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 242 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі)

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округі әкімінің 01.10.2018 № 242 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау қалалық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 07 наурыздағы № 01-6/111 хатына сәйкес Ақсай ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсай ауылдық округі, "Атырау-Чифтлик" ауылшаруашылық өндірістік кооперативіндегі мүйізді ірі қара малы арасында пастереллез ауруының пайда болуына байланысты ауылшаруашылық өндірістік кооператив аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсай ауылдық округі әкімінің у.м.а. Е. Даулетов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау
комитеті Атырау облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаментінің Атырау қалалық
қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
2018 жылғы "30" мамыр
А.С. Мұратова
      Атырау облысы Денсаулық cақтау
басқармасының "№ 3 Атырау қалалық
емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының директоры
2018 жылғы "30" мамыр
А.Б. Утегенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады