Көшелерге қайта атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Жылыой ауданы Қара Арна ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 32 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 мамырда № 4153 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 30 наурыздағы қорытындысы негізінде Қара Арна ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қара Арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылындағы көшелерге қайта атау берілсін:

      1) "Қызылтаң" көшесіне – "Аралбай батыр" есімі;

      2) "Жұбан тамы" көшесіне – "Қасым Қайсенов" есімі;

      3) "Қызылдихан" көшесіне – "Бопай ханым" есімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қара Арна ауылдық округі әкімі Е. Елеусинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады