Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Атырау облысы Махамбет ауданы Алға ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 12 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 4211 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 – бабының 4) - тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 - баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысы негізінде, Алға ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алға ауылдық округінің Алға ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) №1 көшеге - "Нұрмұхан Жантөрин" есімі;

      2) №2 көшеге - "Елорда" атауы;

      3) №3 көшеге - "Әбілхайыр хан" есімі;

      4) №4 көшеге - "Ақжайық" атауы;

      5) №5 көшеге - "Халел Досмұхамедұлы" есімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Ғ. Абдешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады