"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысының негізінде Бейбарыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейбарыс ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) Бейбарыс ауылындағы № 6 көшеге - Астана атауы;
2) № 8 көшеге - Дінмұхамед Қонаев есімі.
2. Талдыкөл ауылының атаусыз көшелеріне келесі атаулар берілсін:
1) № 1 көшеге - Қаныш Сәтбаев есімі;
2) № 2 көшеге - Шәкен Айманов есімі;
3) № 3 көшеге - Мұхтар Әуезов есімі;
4) № 4 көшеге - Мәңгілік ел атауы;
5) № 5 көшеге - Әлия Молдағұлова есімі;
6) № 6 көшеге - Сәкен Сейфуллин есімі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округі әкімі | М. Сәрсенғалиев |