Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37-баптарына сәйкес, Есбол ауылдық округі халқының пікірін ескеріп және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 11 мамырдағы қорытындысы негізінде, Есбол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Есбол ауылдық округіндегі Есбол ауылындағы көшелерге жаңа атаулар берілсін:
1) № 1 көшеге – "Әйтеке би" есімі;
2) № 2 көшеге – "Төле би" есімі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | М. Әділғалиев |