Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 13.07.2022 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Түркістан облысындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Түркістан облысында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;
4) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Т. Нүкеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ж. Түймебаев |
Қ.Т. Нүкенов | |
Ә.Е. Тұрғымбеков | |
М.Н. Отарбаев | |
Е.Ә. Садыр | |
Т.Қ. Сәрсембаев | |
Е.Қ. Тасжүреков | |
А.С. Сәбитов | |
А.Б. Тасыбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Түркістан облысы Полиция
департаментінің бастығы
полиция полковнигі
_____________ Қ.С.Дәлбеков
2018 жылы "24" желтоқсан
Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы "26" желтоқсан № 354 қаулысына қосымша |
Түркістан облысындағы қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерi
1. Көтермелеудiң түрлерi
1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi:
1) алғыс жариялау;
2) грамотамен марапаттау;
3) ақшалай сыйақы беру.
2. Көтермелеудiң тәртiбi
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Түркістан облысы әкiмдiгiмен құрылатын қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi облыстық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) қарайды.
3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Түркістан облысының Полиция департаменті" (бұдан әрі – Полиция департаменті) енгiзедi.
4. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешiмге сәйкес, қосымша Полиция департаменті бастығының бұйрығы шығарылады.
6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отырып, Комиссия белгiлейдi.
7. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын Полиция департаментімен салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
3. Ақшалай сыйақының мөлшерi
8. 10 есе айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
9. Полиция департаменті ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.