ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түркістан облысы әкімдігінің "Түркістан облысындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 354 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4853 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | У. Шукеев |