"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жарялауға жіберілуін;
4) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 307 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3965 тіркелген, 2017 жылғы 17 ақпанда "Қазығұрт тынысы" газетінде және 2017 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасының нармативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.А.Қалымбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Т.Телғараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Түркістан облысының жолаушылар
көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
Ескерту. Қаулының сол жақ төменгі бұрышы жаңа редакцияда - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 27.12.2022 № 368 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 129 қаулысына қосымша |
Қазығұрт ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстерi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 27.12.2022 № 368 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | КХКZ-1 | "Шарбұлақ - Қарабау - Амангелді" - Ақбастау (Ленин жолы) - Қарабау | 14,8 |
2 | КХКZ-2 | "Қазығұрт - Тұрбат" - Қызылдихан | 5 |
3 | КХКZ-3 | "Қазығұрт - Тұрбат" - Өндіріс | 12 |
4 | КХКZ-4 | "Шарапхана - Жаңабазар -1 Мамыр" - Қызылата | 4,5 |
5 | КХКZ-5 | "Шарапхана - Жаңабазар -1 Мамыр" - Майбұлақ | 4,6 |
6 | КХКZ-6 | "Шарапхана - Жаңабазар -1 Мамыр" - Тесіктөбе | 10 |
7 | КХКZ-7 | "Тесіктөбе - Өгем" | 26 |
8 | КХКZ-8 | "Тұрбат - Қаржан" -Аққұм | 14,6 |
9 | КХКZ-9 | "Амангелді - Қаржан" - Алтынтөбе | 2,5 |
10 | КХКZ-10 | "Амангелді - Қаржан" - Қаржан | 3,5 |
11 | КХКZ-12 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" - Жана жол | 3,6 |
12 | КХКZ-13 | "Қарабастау - Жеңіс" - Қызылбұлақ | 22 |
13 | КХКZ-14 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" - Бейнеткеш | 4 |
14 | КХКZ-15 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" - Талдыбұлақ | 7 |
15 | КХКZ-16 | "Шарапхана - 1 Мамыр" - Махамбет | 3,3 |
16 | КХКZ-17 | "Алматы - Термез" - Майлыошақ | 1,7 |
17 | КХКZ-18 | "Шанақ бекеті - Бақабұлақ" | 7 |
18 | КХКZ-20 | "Сарыағаш - Жылға - Монтайтас - Рабат - Сұлтан рабат" - Амангелді | 16,4 |
19 | КХКZ-21 | "Ақтас - Рабат - А 2" - Қ.Мамбетұлы | 0,8 |
20 | КХКZ-22 | "Сарыағаш - Жылға - Монтайтас - Рабат - Сұлтан рабат" - Қызылдала | 14,5 |
21 | КХКZ-23 | "Сарыағаш - Жылға - Монтайтас - Рабат - Сұлтан рабат" - Жаңаталап (Ақпан Батыр) | 4,5 |
22 | КХКZ-24 | "Сарыағаш - Жылға - Монтайтас - Рабат - Сұлтан рабат" - Қызылкезең (Ақпан Батыр) | 3 |
23 | КХКZ-25 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" - Үшбұлақ | 3 |
24 | КХКZ-26 | "Айнатас - Қакпақ" - Сырлысай | 9 |
25 | КХКZ-27 | "Айнатас - Қакпақ" - Бижансарай | 3 |
26 | КХКZ-28 | "Айнатас - Қакпақ" - Тұғыртас | 9 |
27 | КХКZ-29 | "А-2 - Қазығұрт - Қызылқия - Ақжар - Дербісек – А-2" - Ынталы | 2 |
28 | КХКZ-30 | "Айнатас - Қакпақ" - Кызылсеңгір | 3 |
29 | КХКZ-31 | "Ақжар - Ескі Шанақ - Шанақ бекеті" | 22 |
30 | КХКZ-33 | "Ескі Шанақ - Ызабұлақ" | 6 |
31 | КХКZ-34 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" -Тесіктөбе - Көктен ата | 9,7 |
32 | КХКZ-35 | "Сарыағаш - Жылға - Монтайтас - Рабат - Сұлтан рабат" - Атбұлақ - Ақбура бұлағына жол | 5,8 |
33 | КХКZ-36 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" -Жылыбұлақ - Жаңажол - Айнатас | 4,5 |
34 | КХКZ-39 | "Тесіктөбе - Қызылбұлақ" | 3,4 |
35 | КХКZ-41 | "Қазығұрт - Тұрбат" - Өндіріс - Қақпақ (Көктөбе арқылы) | 9 |
36 | КХКZ-42 | "Қазығұрт - Тұрбат" - Шарбұлақ" Шарбұлақ - Қарабау - Амангелді" | 1,4 |
37 | KXKZ-43 | "Шарапхана - Жаңабазар - 1 Мамыр" - Қарабастау | 3,2 |
38 | KXKZ-44 | "Алматы - Термез" - Қызылдала | 7 |
39 | KXKZ-45 | "Жаңабазар - Суықбұлақ - Жаңаталап" | 11,2 |