РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысының негізінде және халықтың пікірін ескере отырып, Куйбышев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Глубокое ауданы Куйбышев ауылдық округі Быструха ауылының келесі құрамдас бөліктері:
Советская көшесі "Орталық" көшесіне;
Ленина көшесі "Достық" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Куйбышев ауылдық | |
округінің әкімі | Д. Малгаждаров |