Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 30.06.2020 № 270 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберуді;
3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Ибраевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарма ауданының әкімі | Н. Сыдықов |
Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "26" ақпандағы № 54 қаулысына қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/н | Ұйымның атауы | Жұмыс-шылар саны | Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан) | Жұмыс орындарының саны, адамдар |
1 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 94 | 1 | 1 |
2 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жаңғызтөбе орта мектеп- бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 104 | 1 | 1 |
3 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 1 | 1 |
4 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Георгиевка орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 133 | 1 | 1 |
5 | "Георгиевский завод насосного оборудования" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 1 | 1 |
6 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 1 | 1 |
7 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Жарма орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны | 411 | 1 | 4 |
8 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 226 | 1 | 2 |
9 | Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны | 116 | 1 | 1 |
10 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Маяковский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 1 | 1 |
11 | "Темір жол жөндеу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің- "ПМС Шар" филиалы | 140 | 1 | 1 |
12 | "Қамқор локомотив" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Шар локомотив жөндеу депосы" филиалы | 105 | 1 | 1 |
13 | Жарма ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жарма ауданының ветеринарлық қызметі" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын | 128 | 1 | 1 |