Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 31.08.2021 № 354 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 54 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде № 5528 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 20 наурызында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Жарма ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Жарма ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Жарма ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары А.Ибраевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Нургожин |
Жарма ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 маусымы № 270 қаулысына қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 27.10.2020 № 378 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Белгіленген квота мөлшері (%) | Жұмыс орындар саны (бірліктер) |
1 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "Жарма технология колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 94 | 1 | 1 |
2 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Жаңғызтөбе орта мектеп- бала бақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 104 | 1 | 1 |
3 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "П.Г.Карелин атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 102 | 1 | 1 |
4 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Т.Көбдіков атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 71 | 1 | 1 |
5 | "Георгиевка сорғы-жабдықтар зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 109 | 1 | 1 |
6 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Абай атындағы көпсалалы мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 1 | 1 |
7 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Жарма орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны | 411 | 1 | 4 |
8 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарамасының "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 226 | 1 | 2 |
9 | Жарма ауданы әкімдігінің "Жарма аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мелекеттік қазыналық кәсіпорны | 116 | 1 | 1 |
10 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Маяковский атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 1 | 1 |
11 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 76 | 1 | 1 |
12 | Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің "Бақыршық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 96 | 1 | 1 |
13 | "AS-INCOME" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 75 | 1 | 1 |