Зырян ауданы Соловьево селолық округінің Соловьево, Маяк, Подорленок ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы Соловьево селолық округі әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2019 жылғы 18 қаңтарда № 5-12-190 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық кұрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы және Соловьево селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Соловьево селолық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Зырян ауданының Соловьево селолық округі Соловьево ауылындағы Октябрьская көшесі Алтай көшесі болып қайта аталсын;

      Зырян ауданының Соловьево селолық округі Маяк ауылындағы Октябрьская көшесі Болашақ көшесі болып қайта аталсын;

      Зырян ауданының Соловьево селолық округі Подорленок ауылындағы Коммунистическая көшесі Заречная көшесі болып қайта аталсын.

      2. "Соловьево селолық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республиқасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құкығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресим жариялау үшін жіберуді;

      4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Соловьево селолық округінің әкімі М. Тюлюбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады