Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Үлкен Шаған, Көшім, Кіші Шаған, Владимировка ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Көшім ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зеленов ауданы Көшім ауылдық округі Үлкен Шаған, Көшім, Кіші Шаған, Владимировка ауылдарының кейбір көше атаулары:
1) Үлкен Шаған ауылы бойынша:
"Степная" көшесі – "Болашақ" көшесі;
"Луговая" көшесі – "Азаттық" көшесі;
"Тупик 1" көшесі – "Шұғыла" көшесі;
"Степной переулок" көшесі – "Кеңжайлау" көшесі;
2) Көшім ауылы бойынша:
"Мелиораторов" көшесі – "Құлагер" көшесі;
3) Кіші Шаған ауылы бойынша:
"Столбовая" көшесі – "Сарыжайлау" көшесі;
4) Владимировка ауылы бойынша:
"Тупик 1" көшесі – "Аламан" көшесі;
"Тупик 2" көшесі – "Атақоныс" көшесі;
"Тупик 3" көшесі – "Жерұйық" көшесі деп қайта аталсын.
2. Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д.Асангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы |
А.Асанов |