Зеленов ауданы Трекин ауылдық округі Трекин, Володар ауылдарының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Трекин ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 128 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 қарашада № 5404 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Трекин, Володар ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Трекин ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зеленов ауданы Трекин ауылдық округі Трекин, Володар ауылдарының кейбір көше атаулары:

      1) Трекин ауылы бойынша:

      "Мирный" көшесін – "Хиуаз Доспанова" көшесі;

      "Упорный" көшесін – "Қорғаныс" көшесі;

      "М. Гаврилов" көшесін – "Шаңырақ" көшесі;

      "Советская" көшесін – "Құрманғазы" көшесі;

      "Молодежная" көшесін – "Жастар" көшесі;

      "Октябрьская" көшесін – "Жаһанша Досмұхамедов" көшесі;

      "Комсомолькая" көшесін – "Әлия Молдағұлова" көшесі;

      "8 марта" көшесін – "Тайыр Жароков" көшесі;

      "Пионерская" көшесін – "Мәншүк Маметова" көшесі;

      "Юбилейная" көшесін – "Жұбан Молдағалиев" көшесі;

      "Жабаев" көшесін – "Жамбыл Жабаев" көшесі;

      "Степная" көшесін – "Мұхит" көшесі;

      2) Володар ауылы бойынша:

      "Мирная" көшесін – "Бауыржан Момышұлы" көшесі;

      "Луговая" көшесі – "Жағалау" көшесі;

      "Больничная" көшесін – "Әліби Жангелдин" көшесі;

      "Матросова" көшесін – "Хамит Чурин" көшесі;

      "Голикова" көшесін – "Міржақып Дулатов" көшесі;

      "Киров" көшесін – "Талғат Бигелдинов" көшесі;

      "Октябрьдің 60 жылдығы" көшесін – "Ынтымақ" көшесі;

      "Новая" көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Алматинская" көшесін – "Алматы" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Трекин ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Г. Оразова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі С. Сатканов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады