Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бұлдырты ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Бұлдырты ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі Бұлдырты ауылындағы атаусыз көшесіне мынадай атау берілсін:
"№ 1" көше – "Болашақ" көшесі.
2. Бұлдырты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С. Кубаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің әкімі |
Е. Макашев |