"Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18383 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 169 - 170 (796) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібі";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама (бұдан әрі – ведомстволық сараптама) – бұл Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Орталық) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігі деңгейін арттыру мақсатында сараптау объектісіне талдау бағасын алу үшін жол саласы ұйымдарының өтінімі бойынша жүргізетін бағалау іс-қимылдары мен тұжырымдау жүйесі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Орталықтың мамандары қатарынан сараптау тобы құрылады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Орталыққа мынадай құжаттар беріледі:

      1) ведомстволық сараптама жүргізуге арналған еркін нысандағы өтініш;

      2) техникалық құжаттама ұсынылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Сараптау тобының оң қорытындысын алған жағдайда, техникалық құжаттама автомобиль жолдары бойынша уәкілетті органға бекітуге ұсынылады, ұсынылған құжаттар нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сараптау тобы техникалық құжаттаманы себептерін көрсете отырып түзетуге қайтарады."

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорытынды ережелер".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады