РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 11.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі
"Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.06.2022 № 217 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.06.2022 № 271-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2019 жылғы 11 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Сапарбаев |
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Р. Скляр |
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер мен оларға қойылатын метрологиялық талаптардың тізбелері
Ескерту. Тізбелер жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.06.2022 № 217 және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 27.06.2022 № 271-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
№ | Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы | Метрологиялық талаптар | Ескертпе | |
Өлшемдер ауқымы | Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу кезінде жүзеге асырылатын өлшемдер | ||||
1. | Жұмыс аймағының ауасындағы температураны өлшеу |
- 30 оС -тан | ± 0,2 оС | |
2. | Жұмыс аймағының ауасындағы салыстырмалы ылғалдылықты өлшеу |
5 %-дан | ± 5 % | |
3. | Ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу |
0,05-тен |
± (0,05 + 0,05 V) | |
4. | Жұмыс аймағының ауасындағы атмосфералық қысымды өлшеу кПа (мм сын. бағ.) |
600-ден | ± 1 мм сын. бағ. | |
5. | Жерүстілердің орташа температурасы | – 40оС -тан 85 С дейін | ± 0,5 оС | |
6. | Жылу сәулеленудің өлшенетін қарқындылық ауқымы | 10-нан 1000 Вт/ м2 дейін | ± 10 % | |
7. | 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц. орташа геометриялық жиіліктері бар октандық жолақтарда дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеу | 25-тен 140 дБ дейін | ± 1 дБ | |
8. | Дыбыс деңгейін өлшеу | 25-тен 140 дБ дейін | ± 1 дБ | |
9. | Дыбыстың баламалы деңгейін өлшеу | 25-тен 140 дБ дейін | ± 1 дБ | |
10. | Дыбыстың максималды деңгейін өлшеу | 25-тен 140 дБ дейін | ± 1 дБ | |
11. | Инфрадыбыстың дыбыс қысымының жалпы деңгейін өлшеу | 25-тен 140 дБ дейін | ± 1 дБ | |
12. | 2.4,8,16 орташа геометриялық жиіліктері бар октандық жолақтарда немесе 1,6; 2; 2,5; 3,15; 4; 5; 6,3; 8; 10; 12,5; 16; 20 Гц орташа геометриялық жиіліктері бар 1/3 октандық жолақтарда инфрадыбыс дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеу | 25-тен 140 дБ дейін | ± 1 дБ | |
13. | Әуе ультрадыбыс 12.5; 16; 20; 25; 31,5; 40; 50; 63; 80; 100 кГц орташа геометриялық жиіліктері бар 1/3 октандық жолақтарда дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеу | 70-тен 120 дБ дейін | ± 1 дБ | |
14. |
Ультрадыбысты өлшеу: |
100 дБ артық емес | ± 1дБ | |
15. | Жалпы вибрацияны бағалау кезінде 0,8; 1; 1,25; 1,6; 2,0; 2,5; 3,15; 4,0; 5,0; 6,3; 8,0; 10,0; 12,5; 16,0; 20,0; 25,0; 31,5; 40,0; 50,0; 63,0; 80,0 Гц орташа геометриялық жиіліктері бар жиіліктің октандық жолақтардағы вибрацияның орташа квадраттық мәндерін немесе логарифмдік деңгейлерді өлшеу | 60-тан 150 дБ дейін | ± 1 дБ | |
16. | Жергілікті вибрацияны бағалау кезінде: 8; 16; 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000 Гц орташа геометриялық жиіліктері бар жиіліктің октандық жолақтардағы вибрацияның орташа квадраттық мәндерін немесе логарифмдік деңгейлерді өлшеу |
0,1-ден 300 м/с2 дейін | ± 1 дБ | Тұрақты және тұрақты емес вибрацияның (жалпы, жергілікті) жұмыс күнінің (ауысымның) кезінде қызметкерлерге ұшыраған кезде дБ-дағы түзетілген тербеліс жылдамдығы олардың жұмысының ұзақтығына байланысты өлшенеді немесе есептеледі. |
17. | Вибрацияны өлшеу - жалпы (вибрация жылдамдығының, вибрацияның баламалы түзетілген деңгейі) | 0,8-ден 80 Гц. дейін | ± 2 дБ | Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 тіркелген). |
18. | Жергілікті вибрацияны өлшеу (вибрация жылдамдығының, вибрация жеделдетушінің баламалы түзетілген деңгейі) | 8-ден 1250 Гц. дейін | ± 2 дБ | |
19. |
Мынадай толқын ұзындығы ауқымдарында жұмыс орындарын аттестаттау кезінде лазерлік сәулеленудің энергетикалық экспозициясын өлшеу: |
1×10-1-нан 1×104 Дж/м2 дейін | 25 % | |
20. | Радонның өлшемі |
1,0/2,0 х 106 | ± 20 % | |
21. | Торонның өлшемі |
0,5/1,0х104 | ± 30 % | |
22. | Гамма сәулелену өлшемі | 1×10-1 -ден 3х106 мкЗв.ч. дейін | ±(15+3/Н) % | |
23. | Аэрозольді (шаң), негізінен фиброгенді өлшеу |
1 × 10-1 -тан дейін | ± 20 % | |
24. | Жұмыс бетінің жарықтандыруын өлшеу | 1-ден 20000 дейін лк | ± 10 % | |
25. | Жарықтылықты өлшеу | 1- ден 200000 дейін кд/м2 | ± 6 % | |
26. | Жарықтандырудың пульсация коэффициентін өлшеу | 1 % дан 100 % дейін |
± 10 % | |
27. | Толқындардың толқын ұзындығындағы УК-ның қарқындылығын өлшеу (200-400) нм | 1×10-3- тан 200 дейін Вт/м2 | ± 10 % | |
28. |
Толқын ұзындығы ауқымдарындағы энергетикалық жарықтандыруды өлшеу |
1×10-1-нан 200 Вт/м2 дейін | ± 10 % | |
29. | Есептік шоғырлануын өлшеу (табиғи және жасанды аэроиондау жағдайларында үй-жайлардың ауасындағы екі полярлықтың жеңіл аэроиондарын) |
100-ден 700 см-3 дейін |
± 50 % | |
30. | Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың жаппай шоғырлануын өлшеу | ⩽ 0,5 ШРЕК деңгейінде ілеспе компоненттердің қатысуымен зиянды заттардың шоғырлануын іріктеп өлшеу қамтамасыз етіледі | ± 25% бір өлшеумен (бір рет іріктеуден кейін) | Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтеріне сәйкес зиянды заттар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 168 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11036 тіркелген). |
31. | Энергетикалық жарықтандыруды өлшеу (жылу сәулесінің қарқындылығын бағалау кезінде) | 10-нан 50 Вт/м дейін | ± 10 % | |
32. | Инфрақызыл сәулелену қарқындылығы мен экспозициялық дозасын өлшеу |
10-нан 500 кВ/м2 дейін | ± 10 % | |
33. | Магнит өрісінің параметрлерін өлшеу (магниттік индукция) |
4 мА/м - ден 400 мА/м дейін | ± 15 % | |
34. | Электр өрісінің қарқындылығын өлшеу (өндірістік жиілігі 48-ден 52 Гц-ге дейін) | 50 В / м-ден 50 кВ / м дейін | ± 15 % | |
35. | Орта квадраттық өлшем бірлігі магнит өрісінің күші (магниттық индукция) | 800 мА/м - тен 4 кА/м- дейін (1 мкТл - тен 5 дейіе мТл) | ± 15 % | |
36. |
Мынадай жиілік ауқымдарында электр өрісінің кернеулігін өлшеу: |
150-ден 5000 В/м дейін |
± 30 % | |
37. |
Мынадай жиілік ауқымдарында магнит өрісінің кернеулігін өлшеу: |
1-ден 50 А/м дейін |
± 30 % | |
38. | Электр өрісінің кернеулігін өлшеу. | 6-дан 300 кВ/м дейін | ± 20 % | |
39. | Тұрақты магнит өрісінің кернеулігін өлшеу/тұрақты магнит өрісінің индукциясын өлшеу (оның ішінде геомагниттік өрістің әлсіреуін есептеу үшін) |
3-тен 200 мТл/ дейін |
± 20 % | Магнит өрісінің кернеулігін (немесе магнит индукциясын) өлшеу арнайы аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Қандай да бір аспапты таңдау өлшенетін өрістің деңгейіне, жиілікке, орын мен өлшеу жүргізілетін мақсатқа байланысты. Алайда, барлық жағдайларда аспаптар өлшеу қателігін ±10% - дан асырмай қамтамасыз етіледі. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
А/м – ампер метрге;
Бк/м3 - беккерель метр куб дәрежесіндегі;
В/м – вольт метрге;
Вт/м – ватт метрдегі;
Вт/м² –ватт шаршы метрдегі;
Гц – герц;
дБ – децибел;
Дж/м² – джоуль шаршы метрдегі;
кА/м – килоампер метрге;
кВ/м – киловольт метрге;
кВ/м² – киловольт шаршы метрдегі;
кГц – килогерц;
кПа – килопаскаль;
кд/м2 – кандел шаршы метрдегі;
лк – люкс;
м – метр;
мА/м – миллиампер метрдегі;
МГц – мегагерц;
мг/м3 – миллиграмм дәрежесіндегі метр куб;
мкЗв/ч –микрозиверт сағатына;
мкм – микрон;
мТл – миллитесла;
мкТл – микротесла
мм.сп.бы – миллиметр сынап бағанасы;
нТл – нанотесла;
нм – нанометр;
РЕШ – рұқсат етілген шоғырлану;
с – секунд;
см3 – куб дәрежесіндегі сантиметр;
УК – ультракүлгін;
оС – цельсия дәрежесі;
% - пайыз;
V – жылдамдық мөлшерін өлшеу.