"Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 155 және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 174 бiрлескен бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 217 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 27 маусымдағы № 271-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 1 шiлдеде № 28664 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 155 және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 174 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18467 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер мен оларға қойылатын метрологиялық талаптардың тізбелері, осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дүйсенова
     
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Сауда және интеграция министрі
2022 жылғы 27 маусымдағы
№ 271-НҚ мен
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2022 жылғы 23 маусымдағы
№ 217 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2019 жылғы 29 наурыздағы
№ 155 және
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 1 сәуірдегі
№ 174 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер мен оларға қойылатын метрологиялық талаптардың тізбелері

Объектісі мен қолдану саласы көрсетілген өлшем атауы

Метрологиялық талаптар

Ескертпе

Өлшемдер ауқымы

Шекті рұқсат етілген қателігі немесе дәлдік тобы

1

2

3

4

5

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу кезінде жүзеге асырылатын өлшемдер

1.

Жұмыс аймағының ауасындағы температураны өлшеу

- 30 оС -тан
50 оС дейін

± 0,2 оС


2.

Жұмыс аймағының ауасындағы салыстырмалы ылғалдылықты өлшеу

5 %-дан
90 %-ға дейін

± 5 %


3.

Ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу

0,05-тен
1,0 м/с дейін

± (0,05 + 0,05 V)
мұнда V- жылдамдық мәні, м/с.


4.

Жұмыс аймағының ауасындағы атмосфералық қысымды өлшеу кПа (мм сын. бағ.)

600-ден
825 мм сын. бағ. дейін

± 1 мм сын. бағ.


5.

Жерүстілердің орташа температурасы

– 40оС -тан 85 С дейін

± 0,5 оС


6.

Жылу сәулеленудің өлшенетін қарқындылық ауқымы

10-нан 1000 Вт/ м2 дейін

± 10 %


7.

31,5; 63; 125; 250; 500; 1000; 2000; 4000; 8000 Гц. орташа геометриялық жиіліктері бар октандық жолақтарда дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеу

25-тен 140 дБ дейін

± 1 дБ


8.

Дыбыс деңгейін өлшеу

25-тен 140 дБ дейін

± 1 дБ


9.

Дыбыстың баламалы деңгейін өлшеу

25-тен 140 дБ дейін

± 1 дБ


10.

Дыбыстың максималды деңгейін өлшеу

25-тен 140 дБ дейін

± 1 дБ


11.

Инфрадыбыстың дыбыс қысымының жалпы деңгейін өлшеу

25-тен 140 дБ дейін

± 1 дБ


12.

2.4,8,16 орташа геометриялық жиіліктері бар октандық жолақтарда немесе 1,6; 2; 2,5; 3,15; 4; 5; 6,3; 8; 10; 12,5; 16; 20 Гц орташа геометриялық жиіліктері бар 1/3 октандық жолақтарда инфрадыбыс дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеу

25-тен 140 дБ дейін

± 1 дБ


13.

Әуе ультрадыбыс 12.5; 16; 20; 25; 31,5; 40; 50; 63; 80; 100 кГц орташа геометриялық жиіліктері бар 1/3 октандық жолақтарда дыбыс қысымының деңгейлерін өлшеу

70-тен 120 дБ дейін

± 1 дБ


14.

Ультрадыбысты өлшеу:
16-дан 63 кГц дейінгі төмен жиілікті ультадыбыс;
125-тен 500 кГц дейінгі орта жиілікті ультадыбыс;
1,0х103 – 31,5х103-ден жоғары жиілікті ультрадыбыс

100 дБ артық емес
105 дБ артық емес
110 дБ артық емес

± 1дБ


15.

Жалпы вибрацияны бағалау кезінде 0,8; 1; 1,25; 1,6; 2,0; 2,5; 3,15; 4,0; 5,0; 6,3; 8,0; 10,0; 12,5; 16,0; 20,0; 25,0; 31,5; 40,0; 50,0; 63,0; 80,0 Гц орташа геометриялық жиіліктері бар жиіліктің октандық жолақтардағы вибрацияның орташа квадраттық мәндерін немесе логарифмдік деңгейлерді өлшеу

60-тан 150 дБ дейін

± 1 дБ


16.

Жергілікті вибрацияны бағалау кезінде: 8; 16; 31,5; 63; 125; 250; 500; 1000 Гц орташа геометриялық жиіліктері бар жиіліктің октандық жолақтардағы вибрацияның орташа квадраттық мәндерін немесе логарифмдік деңгейлерді өлшеу

0,1-ден 300 м/с2 дейін
100-ден 170 дБ дейін

± 1 дБ

Тұрақты және тұрақты емес вибрацияның (жалпы, жергілікті) жұмыс күнінің (ауысымның) кезінде қызметкерлерге ұшыраған кезде дБ-дағы түзетілген тербеліс жылдамдығы олардың жұмысының ұзақтығына байланысты өлшенеді немесе есептеледі.

17.

Вибрацияны өлшеу - жалпы (вибрация жылдамдығының, вибрацияның баламалы түзетілген деңгейі)

0,8-ден 80 Гц. дейін

± 2 дБ

Адамға әсер ететін физикалық факторлардың гигиеналық нормативтері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26831 тіркелген).

18.

Жергілікті вибрацияны өлшеу (вибрация жылдамдығының, вибрация жеделдетушінің баламалы түзетілген деңгейі)

8-ден 1250 Гц. дейін

± 2 дБ


19.

Мынадай толқын ұзындығы ауқымдарында жұмыс орындарын аттестаттау кезінде лазерлік сәулеленудің энергетикалық экспозициясын өлшеу:
0,18-ден 0,38 мкм дейін
0,38-ден 1,4 мкм дейін
1,4-тен 20 мкм дейін

1×10-1-нан 1×104 Дж/м2 дейін
1×10-4-нан 1 Дж/м2 дейін
1×10-1-нан 1×10-4 Дж/м2 дейін

25 %


20.

Радонның өлшемі

1,0/2,0 х 106
Бк/м-3

± 20 %


21.

Торонның өлшемі

0,5/1,0х104
Бк/м-3

± 30 %


22.

Гамма сәулелену өлшемі

1×10-1 -ден 3х106 мкЗв.ч. дейін

±(15+3/Н) %


23.

Аэрозольді (шаң), негізінен фиброгенді өлшеу

1 × 10-1 -тан дейін
10 мг/м3

± 20 %


24.

Жұмыс бетінің жарықтандыруын өлшеу

1-ден 20000 дейін лк

± 10 %


25.

Жарықтылықты өлшеу

1- ден 200000 дейін кд/м2

± 6 %


26.

Жарықтандырудың пульсация коэффициентін өлшеу

1 % дан 100 % дейін

± 10 %
(салыстырмалы)


27.

Толқындардың толқын ұзындығындағы УК-ның қарқындылығын өлшеу (200-400) нм

1×10-3- тан 200 дейін Вт/м2

± 10 %


28.

Толқын ұзындығы ауқымдарындағы энергетикалық жарықтандыруды өлшеу
УК - А (400-ден 315 нм дейін)
УК - В (315-тен 280 нм дейін)
УК - А (280-нен 200 нм дейін)

1×10-1-нан 200 Вт/м2 дейін
1×10-2-нан 20 Вт/м2 дейін
1×10-3-нан 20 Вт/м2 дейін

± 10 %


29.

Есептік шоғырлануын өлшеу (табиғи және жасанды аэроиондау жағдайларында үй-жайлардың ауасындағы екі полярлықтың жеңіл аэроиондарын)

100-ден 700 см-3 дейін
(қоса алғанда)
7×102 жоғары 1×106 см3 дейін

± 50 %
± 40 %


30.

Жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың жаппай шоғырлануын өлшеу

⩽ 0,5 ШРЕК деңгейінде ілеспе компоненттердің қатысуымен зиянды заттардың шоғырлануын іріктеп өлшеу қамтамасыз етіледі

± 25% бір өлшеумен (бір рет іріктеуден кейін)

Қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауасының гигиеналық нормативтеріне сәйкес зиянды заттар тізбесі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 168 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11036 тіркелген).

31.

Энергетикалық жарықтандыруды өлшеу (жылу сәулесінің қарқындылығын бағалау кезінде)

10-нан 50 Вт/м дейін

± 10 %


32.

Инфрақызыл сәулелену қарқындылығы мен экспозициялық дозасын өлшеу

10-нан 500 кВ/м2 дейін
5-тен 2000 Вт/сағат дейін

± 10 %


33.

Магнит өрісінің параметрлерін өлшеу (магниттік индукция)

4 мА/м - ден 400 мА/м дейін
( 5 нТл - нан 500нТл дейін)

± 15 %


34.

Электр өрісінің қарқындылығын өлшеу (өндірістік жиілігі 48-ден 52 Гц-ге дейін)

50 В / м-ден 50 кВ / м дейін

± 15 %

35.

Орта квадраттық өлшем бірлігі магнит өрісінің күші (магниттық индукция)

800 мА/м - тен 4 кА/м- дейін (1 мкТл - тен 5 дейіе мТл)

± 15 %

36.

Мынадай жиілік ауқымдарында электр өрісінің кернеулігін өлшеу:
0,01-ден 0,03 МГц дейін
0,03-тен 3,00 МГц дейін
3-тен 30 МГц дейін
30-дан 50 МГц дейін
50-ден 300 МГц дейін

150-ден 5000 В/м дейін
5-тен 500 В/м дейін
3-тен 300 В/м дейін
1-ден 80 В/м дейін
1-ден 80 В/м дейін

± 30 %
± 30 %
± 30 %
± 30 %
± 30 %

37.

Мынадай жиілік ауқымдарында магнит өрісінің кернеулігін өлшеу:
0,03-тен 3,00 МГц дейін
30-дан 50 МГц дейін

1-ден 50 А/м дейін
1×10-1 -нан 3 А/м дейін

± 30 %
± 30 %


38.

Электр өрісінің кернеулігін өлшеу.

6-дан 300 кВ/м дейін

± 20 %


39.

Тұрақты магнит өрісінің кернеулігін өлшеу/тұрақты магнит өрісінің индукциясын өлшеу (оның ішінде геомагниттік өрістің әлсіреуін есептеу үшін)

3-тен 200 мТл/ дейін
2,4-тен 160 кА/м дейін
(тұрақты магнит өрісі үшін)
0,375-тен 250 мк/Тл дейін/
0,3-тен 200 А/м дейін
(геомагниттік өріс үшін)

± 20 %
± 10 %

Магнит өрісінің кернеулігін (немесе магнит индукциясын) өлшеу арнайы аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Қандай да бір аспапты таңдау өлшенетін өрістің деңгейіне, жиілікке, орын мен өлшеу жүргізілетін мақсатқа байланысты. Алайда, барлық жағдайларда аспаптар өлшеу қателігін ±10% - дан асырмай қамтамасыз етіледі.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      А/м – ампер метрге;

      Бк/м3 - беккерель метр куб дәрежесіндегі;

      В/м – вольт метрге;

      Вт/м – ватт метрдегі;

      Вт/м² –ватт шаршы метрдегі;

      Гц – герц;

      дБ – децибел;

      Дж/м² – джоуль шаршы метрдегі;

      кА/м – килоампер метрге;

      кВ/м – киловольт метрге;

      кВ/м² – киловольт шаршы метрдегі;

      кГц – килогерц;

      кПа – килопаскаль;

      кд/м2 – кандел шаршы метрдегі;

      лк – люкс;

      м – метр;

      мА/м – миллиампер метрдегі;

      МГц – мегагерц;

      мг/м3 – миллиграмм дәрежесіндегі метр куб;

      мкЗв/ч –микрозиверт сағатына;

      мкм – микрон;

      мТл – миллитесла;

      мкТл – микротесла

      мм.сп.бы – миллиметр сынап бағанасы;

      нТл – нанотесла;

      нм – нанометр;

      РЕШ – рұқсат етілген шоғырлану;

      с – секунд;

      см3 – куб дәрежесіндегі сантиметр;

      УК – ультракүлгін;

      оС – цельсия дәрежесі;

      % - пайыз;

      V – жылдамдық мөлшерін өлшеу.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады