Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Р. Дәленов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына № 1 қосымша |
Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 28.06.2024 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 22 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына Тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 28.11.2022 № 94 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
___________________________________________________________________ |
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс үй-жайлардан тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс орналастыру туралы хабарламаның болуы | ||
2 | Жарнамада конституциялық құрылысты күштеп өзгертуді, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды, порнографияны насихаттауды немесе үгіттеуді пайдаланбау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын және заңмен қорғалатын өзге де мәліметтерді тарату жөніндегі талаптарды сақтау | ||
3 | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы тарих және мәдениет ескерткіштерінде және олардың қорғау аймақтарында, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында) және оларға бөлінген аумақта және олардың қоршауларында, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналастыру туралы тыйымның сақталуы | ||
4 | Бекітілген жобалық құжаттамада тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасын орналастыруға тыйым салуды сақтау | ||
5 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіруге және өткізуге тыйым салынған тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жарнамасын орналастыру жөніндегі талаптарды сақтау | ||
6 | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелмеген діни бірлестіктер мен рухани (діни) білім беру ұйымдарын жарнамалауға тыйым салуды сақтау | ||
7 | Электрондық казино мен интернет-казино жарнамасына тыйым салуды сақтау | ||
8 | Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) жарнамасында талаптың болуы, бағаны (тарифтерді, бағаларды, мөлшерлемелерді) теңгемен көрсету | ||
9 | Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін шартта белгіленген орналастыру мерзімі өткеннен кейін оны бұзу жөніндегі талапты сақтау |
Лауазымды адам (-дар) _________________________________ ____________
лауазымы қолы
__________________________________________________________ __________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы ________________ ___________
лауазымы қолы
___________________________________________________________ _________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі