БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №22 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18490 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағын бекіту туралы";
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
Н. Байбазаров |