"Көмірсутек шикізатын және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 225 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 19 сәуірде № 18553 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 567 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жер қойнауын қайта өңдеу жөніндегі өтінім" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.";

      осы бұйрыққа 1 мен 2-қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-миниcтріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Р. Скляр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, қорғаныс және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрлігінің бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына
6-қосымша

"Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты-15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - келіссөздерді бастау күні туралы хабарлама не осы стандарттың 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызмет берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш;

      2) көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      3) заңды тұлға жарғысының заңды тұлға басшысының қолымен және мөрімен (болған кезде) куәландырылған көшірмесі;

      4) қайта өңдеу жобасының қаржылық-экономикалық моделі;

      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын жасау жөніндегі талаптарға сәйкес қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары;

      6) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 244-бабына мазмұны бойынша сәйкес келетін пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімнің жобасы.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсететін қызметті берушіге тапсырған кезде - құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы өтініштің көшірмесіне белгі қою оның қағаз тасымалдағышта қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызмет алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) Кодекстің 242 және 243- баптарымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лаузымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефондары: 8(7172) 98-34-02, 98-34-66.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмері және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mііd.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік органның қызметі" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар" бөлімінде орналасқан.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Пайдалы қатты қазбаларды
қазбаларды қайта өңдеу туралы
келісімді жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімді жасасуға өтініш

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәлімет

1.

Заңды тұлғаның атауы


2.

Заңды тұлғаның тіркеуден (қайта тіркеуден) өтуі туралы ақпарат (күні, негізі)


3.

Орналасқан жері:
заңды мекенжайы
нақты орналасқан жері


4.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


5.

Заңды тұлғаның басшысы

_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_________________________________
(телефон, факс, электрондық пошта)

6.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 47-бабына сәйкес жер қойнауын пайдаланушыларды бақылайтын тұлғалар мен ұйымдар туралы мәліметтер


2. Пайдалы қатты қазбаларды (бұдан әрі-ПҚҚ) қайта өңдеу жобасы туралы мәлімет

7.

ПҚҚ қайта өңдеу жобасын сипаттау (пайдалы қазбаның болжалды шикізат көзі), шикізат түрі (пайдалы қазбаның), кен орнының атауы, орналасқан орны, үлес салмағы )


8.

ПҚҚ қайта өңдеу жобасын іске асыру орны


9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрлері (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптың деңгейінде)


10.

Қосылған құнға салықтың есебінсіз заңды тұлғаның белгіленген активіндегі инвестициялар көлемі (алдағы кезеңде пайдалануға белгіленген активтің енгізілетін күніне дейінгі, бірақ ПҚҚ қайта өңдеу туралы келісім жасасу жөніндегі өтінімді беруден 24 ай бұрын және (немесе) қолдануға берілгенге дейінгі алдағы кезеңдердің шығындары ескеріледі)

_________________________(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, бар:
1) меншік қаражаттары
2) қарыз қаражаттары
3) бюджеттік қаражаттар

1) _______________________________
(аудиторлық қорытындымен бірге соңғы есептік кезеңнің қаржылық есептілігі немесе соңғы алты ай ішіндегі ақшаның айналымы және қалғаны туралы үзінді немесе меншікті қаражаттың болуын растайтын құжаттың басқа да түрлері)
2) _______________________________
(қарыз шартының не банк қарызының көшірмесі немесе жобаны қаржыландыру көздерін растайтын құжаттардың басқа да түрлері)
3) _______________________________
(бюджеттен қаржыландыруды растайтын шарт көшірмесі немесе бюджет қаражатынан қаржыландыруды растайтын құжаттардың басқа да түрлері)

3. Жер қойнауын пайдалану құқығы туралы мәлімет

12.

1) лицензияны берген нөмірі мен күні (келісімшарт)
2) лицензияның қолданылу мерзімі (келісімшарт)
3) жер қойнауын пайдалану құқығының түрі


4. Инвестициялық преференциялар жобасын іске асыру үшін талап етілетіндер

13.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялардың түрлері


14.

Талап етілетін инвестициялық преференциялардың мерзімі мен көлемі


      Өтініш беруші: __________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Қолы:___________________

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" __________

  "Пайдалы қатты қазбаларды
қазбаларды қайта өңдеу туралы
келісімді жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспарын құру бойынша талаптар

      1. Қайта өңдеу жобасының бизнес-жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері;

      5) қаржылық бөлім.

      2. Жобаның түйіндемесі мыналарды:

      1) заңды тұлға туралы ақпаратты:

      Заңды тұлғаның атауын;

      Заңды тұлғаның басшысын (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда));

      Заңды және нақты мекенжайын, телефонын, факсын, электрондық почтасын;

      2) жоба бойынша ақпаратты:

      жобаның атауын;

      жобаның мақсатын;

      қайта өндеу жобасын іске асыру орнын (облыс, аудан);

      болжалды қайта өңдеу жобасының сипаттамасын (қолданыстағы жаңа өндірістерді құру, кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жұмыс орындарының санын (уақытша және тұрақты);

      3. Технологиялық бөлім мыналарды:

      1) сатып алынатын пайдаланылатын және белгіленген активтерді көрсете отырып, қайта өңдеу жобасының технологиясын, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізаттарды және материалдарды сипаттауды;

      2) қайта өңдеу жобасында қазіргі заманғы технологияларды қолдануды;

      3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдердің салыстырмалы талдауын;

      4) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру кестесін қамтиды.

      4. Коммерциялық бөлім мыналарды:

      1) шикізат, материалдар және жабдықтарды жеткізу туралы мәліметтерді:

      Пайдаланатын шикізат пен материалдардың түрлерінің тізбесін;

      Қазақстан Республикасы аумақтарында және Еуразиялық елдердің экономикалық одақ елдерінде өндірістің болуын ескере отырып, шикізат пен материалдардың (отандық және импорттық) нарығын талдауды (аталған шикізат пен материалдарды импорттау кезінде толтырылады);

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдыққа арнап шығарылатын, дайын өнімнің бірліктерін өндіруге импортталатын шикізат пен материалдардың шығыстардың орташаландырылған нормаларын;

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізімін;

      пайдалынылатын технологиялық жабдықтардың сипаттамасы және жаңалығы (жабдықтың шыққан күні мен моделі);

      инвестициялық артықшылықты ұсынуға өтініш берген заңды тұлғамен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып технологиялық жабдықтарды және шикізатты жеткізушілер;

      көліктік шығыстарды, монтаждау және іске қосу жұмыстарын есепке ала отырып технологиялық жабдықтардың құнын;

      2) маркетингті: өнімді өткізу – қандай өңірлерде, қандай тұтынушыларға, қандай шетел елдерге жеткізу болжанады, нарықта ұқсас, бірін бірі алмастыратын немесе бірін бірі толықтыратын тауарлар, көрсетілетін қызметтер, болашақта олардың өндірісінің өсуін бағалау, соңғы бірнеше жылдарда импорттың динамикасы және/немесе тауарлардың экспортын, көлем мен бағасы, негізгі бәсекелестерін көрсетуді қамтиды.

      5. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсері мыналарды:

      1) қайта өндеу жобасының тікелей қатысушылары туралы мәліметтерді: жобаны жасаушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрлысы және құрылыс қызметі салаларындағы көрсететін қызметті орындаушы (іздеу және жобалық қызметті, инжинирингтік қызметтерді қоса алғанда) жабдықтарды жеткізушіні, шикізат пен материалдарды жеткізушілерді, делдалдарды;

      2) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша еңбек ресурстардағы (саны) жобаның қажеттілігін;

      3) осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың саны шетелдік жұмыс күштерін тарту туралы мәліметтерді;

      4) шетелдік жұмыс күштерін тартатын функционалдық міндеттемелерді таратуды;

      5) осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмыскерлердің қажеттілігін;

      6) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік нәтижені;

      7) шетелдік жұмыс күштерін кейіннен ауыстыру үшін жергілікті кадрлардың біліктілік деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жоспарын;

      8) зиянды әсерді азайту бойынша жобаны қоршаған ортаның жағдайына және іс шаралар жоспарына әсерін тигізуді;

      9) жобаның технологиясының халықаралық стандарттарға және қоршаған ортаға әсерін тигізу бойынша нормативтерге сәйкестігін қамтиды.

      6. Қаржылық бөлім мыналарды:

      1) инвестицияларды бағалауды: толық инвестициялық шығындарды (инвестицияда негізгі және айналым капиталы);

      2) инвестициялық жобаны іске асыру құнын, қаржыландыру көздерін:

      жеке қаражаттарды;

      қарыздық қаражаттарды (несиелер немесе шаруашылық субъектілерге тартылған қаражаттар) және\ немесе грантты;

      бюджеттік қаражаттарды;

      3) қаржылық талдауды:

      тиісті инвестициялық артықшылықты есебінен және инвестициялық артықшылықтың есебінсіз үлгінің есебін кіргізетін жобаның қаржылық үлгісін;

      жобаның тіршілік кезеңі үшін таза дисконтталған кірісті;

      жобаның тіршілік кезеңі үшін ішкі кіріс нормасын;

      жобаның өтелімділік мерзімін (жеңіл және дисконтталған);

      жеңіл кіріс нормасын (табыстылық);

      осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты жою және кіріс есебін қамтиды.

      Ескертпе: Қайта өңдеу жобасының бизнес жоспарын тігу және нөмірлеу, бірінші басшысының қолымен растау және заңды тұлғаның мөрімен (болған жағдайда) растау қажет.

  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
1-қосымша
  Нысан

Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдердің салыстырмалы талдауы

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні


ұсынылатын үлгі

ұқсастықтар

1.



2.



  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
2-қосымша
  Нысан

Жобаны іске асыру кестесі

Жұмыстың атауы

Күнтізбелік жыл

Қорытынды


1 жартыжылдық

2 жартыжылдық


Тіркелген активтерге инвестициялар (мың теңге)

1.




2.




3.




Шикізат пен материалдарға инвестициялар (мың теңге)

1.




2.




3.




Құрылатын және/немесе сақталатын жұмыс орындарының саны




  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
3-қосымша
  Нысан

Жобаның еңбек ресурсындағы қажеттілігі (саны)

Құрылыс кезеңіне

Пайдалануға берілгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
4-қосымша
  Нысан

Шетелдік жұмыс күштерін тарту, олардың саны туралы мәліметтер

Мамандықтың атауы (тарифтік разряд, санат)

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде оның ішінде латын әріптерімен)

Туған күні

Азаматтығы/Тұрақты өмір сүретін елі

Тарту кезеңі (ай, жыл)

1. Басшылар:






2. Жоғары білімі бар мамандар:






3. Білікті жұмыскерлер:






Қорытынды (адам):



  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
5-қосымша
  Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін қызметкерлердің қажеттілігі

т/б №

Мамандықтардың атауы

Біліктілік деңгейі (тарифтік разряд, санаты)

Саны

















  Қайта өңдеу жобасының
бизнес-жоспарын
жасау талаптарына
6-қосымша
  Нысан

Республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар және кірістер есебі

Салық және өзге де бюджетке міндетті төлем түрлері

Күнтізбелік жыл

Күнтізбелік жыл

Жиыны

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Преференцияларды есепке алусыз бюджетке түсімдер

Корпоративтік табыс салығы






Мүлікке салық






Жер салығы






Кедендік баж






Әлеуметтік салық






Зейнетақы аудары






  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы 17 сәуірдегі
№ 225 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 521 бұйрығына
7- қосымша

"Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған күннен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты–15 (он бес) минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - пайдалы қатты қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензияны беру, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Қызмет көрсетушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру 9.00-ден сағат 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00- ден бастап сағат 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына қосымша нысанаға сәйкес өтініш;

      2) кепілге салынған тұлғаның бөлу немесе қосылу туралы алдын ала келісімі, егер жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауы учаскісіне лицензияланған болса, оған сәйкес бөліну жер қойнауын пайдалану немесе өндіруге арналған лицензия бойынша жүзеге асырылады;

      3) көрсетілетін қызмет алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат (сенімхат).

      Өтініш пен құжаттар, өтінішке қосымшалар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы қажет. Өтінішке қосымша құжат көшірмесі басқа тілде болған жағдайда, аудармасы мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалдық куәландырылуы кажет.

      Егер қызмет алушының ұсынған құжаттары тізімге сәйкес келмеген жағдайда, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының және (немесе) мерзімі өткен құжаттармен қызмет көрсетілген болса.

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің мәліметтердің анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 31-тарауымен белгіленген талаптарға нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

      3) көрсетілетін қызмет алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімнің) болуы негіз болып табылады.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лаузымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым мына мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, телефондары: 8(7172) 98-34-02, 98-34-66.

      Шағым пошта бойынша жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмері және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының басшысы қол қояды.

      Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.

      Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mііd.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік органның қызметі" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және стандарттар" бөлімінде орналасқан.

      14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

  "Жер қойнауы учаскесін
түрлендіруге арналған өтініш"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
  нысан
  ____________________________
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
____________________________
____________________________
жеке тұлғалар үшін-өтініш
берушінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі
(бар болған жағдайда),
байланыс деректері;
заңды тұлғалар үшін –
өтініш берушінің атауы,
бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(бар болған жағдайда),
байланыс деректері.

Жер қойнауы учаскесін түрлендіруге арналған өтініш

  20__ жылғы "__"_________

      Өндіру учаскесін қосу жолымен жер қойнауы учаскесінің аумақтық

      шекараларын өзгертуді сұраймын.

      __________________________________________________________

      (түрлендіру тәсілін көрсету)

Өтініш беруші туралы мәлімет

жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, өтініш берушіні салық төлеуші ретінде тіркеу туралы мәліметтер


заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер және салық органдарында тіркеу, басшылары туралы мәліметтер


Өндіру учаскесін қосуға

лицензиардың толық атауы, негізгі жер қойнау учаскесінің пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру күні мен нөмірі


негізгі өндіру учаскесінің алаңы және географиялық координат нүктелері


лицензиардың толық атауы, негізгі жер қойнау учаскесін қосатын пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру күні мен нөмірі


қосатын өндіру учаскесінің алаңы және географиялық координат нүктелері


Жер қойнауы учаскесін бөліп шығаруға

лицензиардың толық атауы, лицензияны беру күні мен нөмірі


бөлуге тиісті жер қойнауы учаскелерінің алаңы және географиялық координат нүктелері немесе бөлуге жататын код пен блок (блоктар) атауы көрсетсін


      Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:

      1) ___________________________________________________________________

      2) ___________________________________________________________________

      3) ___________________________________________________________________

      4) ______________________________________________________________

                        (құжаттардың атауы және парақ саны)*

      Ескерту:

      * Нотариалды куәландырылған құжаттардың көшірмелері қоса беріледі

      Толтыру күні:

      20__жылғы "__" ___________      _______________________________

  (Өтініш берушінің немесе оның
уәкілетті өкілінің қолы, өтінішті
өкіл берген жағдайда
өкілеттілігін куәландыратын,
тиісті ресімделген құжат қоса
беріледі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады