БҰЙЫРАМЫН:
1. "Экстернат және сырттай оқу нысандарында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17513 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесін бекіту туралы";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпараттық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.І. Ешенқұловқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 169 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 қазандағы № 530 бұйрығымен бекітілген |
Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі
1. Экстернат нысанында оқытуға жол берілмейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының тізбесі | |
Код | Жоғары білімі бар кадрларды даярлау бағытының атауы |
6B061 | Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6B062 | Телекоммуникациялар |
6B071 | Инженерия және инженерлік іс |
6B072 | Өндірістік және өңдеу салалары |
6B073 | Сәулет және құрылыс |
6B074 | Су шаруашылығы |
6B075 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) |
6B081 | Өсімдік шаруашылығы |
6B082 | Мал шаруашылығы |
6B083 | Орман шаруашылығы |
6B085 | Жерге орналастыру |
6B086 | Су ресурстары және суды пайдалану |
6В091 | Ветеринария |
6B101 | Денсаулық сақтау |
6В102 | Әлеуметтік қамтамасыз ету |
6B111 | Қызмет көрсету саласы |
6B112 | Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау |
6B113 | Көлік қызметтері |
6B121 | Әскери іс |
6B122 | Ұлттық қауіпсіздік |
6B123 | Қоғамдық қауіпсіздік |