"Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 маусымдағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 5 маусымда № 18796 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 29.12.2021 № 614 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 5 шілдеде № 8565 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 тамыздағы "Егемен Қазақстан" газетінің № 194 (28133) санында жарияланған ) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына (бұдан әрі – "Білім туралы" Заңы), "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 31 қазанда № 17657 болып тіркелген) сәйкес әзірленген және балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан қызметінің тәртібін айқындайды."

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлеріне:

      1)мектепке дейінгі дамыту кешені (орталықтар, академиялар);

      2) оқушылар сарайы (үйлер, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары);

      3) жас натуралистер станциясы (балалар экологиялық орталықтары, биологиялық орталықтары, экологиялық-биологиялық орталықтар);

      4) жас техниктер станциясы (орталықтар, балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектептері);

      5) жас туристер станциясы (балалар-жасөспірімдер туризмі орталықтары);

      6) балалар аула клубы, балалар әскери-патриоттық клубы (клубтық бос уақытты қамту ұйымдары);

      7) балалар өнер мектептері (балалар музыка мектептері, балалар көркемөнер мектептері, балалар өнер мектептері, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептері);

      8) балалар сауықтыру лагерлері (орталықтар, кешендер, қала сыртындағы сауықтыру лагерлері және күндізгі, палаткалы, киіз үй лагерлері);

      9) балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері;

      10) олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі;

      11) қызмет бағыттары және балалардың қызығушылықтары бойынша ұйымдар;

      12) балаларға арналған қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік орталықтар жатады.";

      мынадай мазмұндағы 30-1, 30-2, 30-3, 30-4, 30-5-тармақтармен толықтырылсын:

      "30-1.Балалар музыка мектептеріне, балалар көркемөнер мектептеріне, балалар өнер мектептеріне оқуға түсу үшін өнердің алуан түрлі салалары (музыка, бейнелеу өнері, хореография, театр) бойынша балалар қабілеттерінің даму деңгейін анықтау мақсатында әңгімелесу жүргізіледі.

      30-2. Оқытудың негізгі курсына дайындау мақсатында дайындық топтарындағы сабақтар:

      1) балалар музыка мектептерінде балалар өнер мектептерінің музыка бөлімдерінде, оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептерінде) сегіз жасқа дейінгі балалармен;

      2) балалар көркемөнер мектептерінде (балалар өнер мектептерінің, оқушылар сарайлары (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) көркемөнер бөлімдерінде) бес жастан он екі жасқа дейінгі балалармен;

      3) балалар өнер мектептерінің хореография және цирк өнері бөлімдерінде бес жастан сегіз жасқа дейінгі балалармен, театр өнері, кино өнері, фото өнер және басқаларында алты жастан он үш жасқа дейінгі балалармен жүргізіледі.

      Даярлық сыныбы ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші бойынша бір жылдан төрт жылға дейінгі оқытуды болжайды.

      30-3. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы музыка мектептерінде, оқушылар сарайлары (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) оқу жылы 1 қыркүйектен басталады.

      Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің, балалар өнер мектептерінің, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердің, оқушылар сарайларындағы (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептерінің демалыс мерзімі мен ұзақтығы жалпы білім беретін мектептердегі демалыс мерзімдеріне сәйкес.

      30-4. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептерінде оқыту жеке және топтық формада іске асырылады.

      Балалар музыка мектептеріндегі және өнер мектептерінің музыкалық бөлімшелерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердегі, оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептеріндегі топтардағы білім алушылардың саны:

      1) даярлық – 8-10 адам;

      2) "Сольфеджио", "Музыка әдебиеті", "Ритмика" пәндерінде – 8-12 адам;

      3) "Ұжымдық музыка ойнау" пәндерінде: хорда – 12 адам, оркестрде және ұжымдық музыка ойнаудың басқа формаларында – 6-15 адам, ұжымдық музыка ойнаудың шағын топтық формаларында – 2-5 адам.

      Контингенті 100 адамнан құралған немесе екі тілде сабақ жүргізілетін балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде, өнер мектептерінде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерде, оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептерінде топтардың саны "Сольфеджио", "Музыка әдебиеті", "Ритмика" пәндері бойынша – 5-10 адам.

      Балалар музыка мектептерінде және өнер мектептеріндегі музыкалық бөлімдерде, көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердегі оқушылар сарайларының (үйлері, орталықтар, кешендер, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары) музыка мектептерінде топтардағы балалардың сандық құрамы – 8-15 адам.

      Балалар өнер мектептері мен көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердің хореография бөлімдеріндегі топтардағы балалардың сандық құрамы – 8-20 адам.

      30-5. Білім алушыларды сыныптан сыныпқа ауыстыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 543 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 6 ақпандағы № 7409 болып тіркелген) бекітілген Балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларына сәйкес аттестаттаудың нәтижесінде іске асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңннама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э. А. Суханбердиеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады