Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 25 маусымдағы № 426 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 маусымда № 18909 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің
2019 жылғы 25 маусымдағы
№ 426 бұйрығына
қосымша

Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару әдістемесі (бұдан әрі-Әдістеме) "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ол:

      1) жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама (бұдан әрі – СС) жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

      2) "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Сапа орталығы) жүзеге асыратын автомобиль жолдарының жол активтерін басқару құнын айқындау тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер құнын айқындау, сондай-ақ автомобиль жолдарының жол активтерін басқару тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құны "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес бекітілетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға және "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 24) тармақшасына сәйкес автомобиль жолдары жөніндегі нормативтік техникалық құжаттарға сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2023 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

      ССо = Қо*ШНтқ

      мұндағы:

      Қо – ағымдағы баға деңгейінде автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен техникалық құжаттамаға сәйкес орташа жөндеу құны, мың теңге;

      ШНтқ – автомобиль жолдарын орташа жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.

      4. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

      ССа= Қа* ШНтқ

      мұндағы:

      Қа – ағымдағы жөндеу құны (жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары үшін қаржыландырудың бекітілген нормативтеріне сәйкес ағымдағы жөндеуге бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының мөлшері), оның ішінде:

      халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын "Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11928 болып тіркелген) бекітілген халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға және жол қызметін басқаруға арналған қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес (бұдан әрі – халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға қаржыландыру нормативтері);

      облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері "Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 711 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11875 болып тіркелген) бекітілген астана, республикалық маңызы бар қалалар көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша нормативтері шығындарына сәйкес (бұдан әрі – Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері);

      ШНтқ – автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.

      5. Тиісті күнтізбелік жылға автомобиль жолдарын күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтердің құны мынадай формула бойынша белгіленеді:

      ССкү= Қкү* ШНтқ

      мұндағы:

      Қкү – күтіп-ұстау құны (автомобиль жолдары үшін қаржыландыру нормативіне сәйкес күтіп-ұстауға бюджеттен бөлінетін ақша қаражатының мөлшері), оның ішінде:

      халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуге, күтіп-ұстауға қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес;

      облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері бойынша шығындарға сәйкес;

      ШНтқ – автомобиль жолдарын күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитінің пайыздық арақатынасындағы нормативі, оның мөлшері Нормативтік құжатта көзделген құрылысқа техникалық қадағалауды жүзеге асыруға тапсырыс берушінің шығыстар лимитіне ұқсас қабылданады.

      6. Тиісті күнтізбелік жылға арналған облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жол активтерін басқару жөніндегі қызметтердің құны Облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және астана, республикалық маңызы бар қалалар көшелерінің елді мекендерінің көшелерін жөндеуге және күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері негізінде айқындалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады