"Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 228 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 27 маусымда № 18915 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 466 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16240 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. ЖЭК пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаларды іріктеу және ЖЭК пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындау ЖЭК пайдаланудың жаңа объектілерін салу бойынша жобаның дайындалған негізгі параметрлерімен (бұдан әрі – құжаттама) және/немесе құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу арқылы жүргізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Құжаттаманы дайындау үшін уәкілетті орган ағымдағы жылдың қаңтар айында қаржы-есеп айырысу орталығына ЖЭК пайдалану объектілерінің үлгілері, олардың орналасу орны (жер учаскелерін көрсете отырып) және алдағы екі жылға белгіленген қуаттың көлемі туралы ақпарат береді.

      Жүйелік оператор ағымдағы жылдың қаңтарында құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық үшін электр желілеріне қосудың ықтимал нүктелері туралы ақпаратты уәкілетті органның сұрау салуы бойынша қаржы-есеп айырысу орталығына береді.

      3-2. Қаржы-есеп айырысу орталығы аукциондық сауда-саттықты өткізудің жоспарланған күніне дейін 3 (үш) айдан кешіктірмей ресми интернет-ресурста орналастыру үшін құжаттаманы оның құнын көрсете отырып Ұйымдастырушыға жібереді.

      Ұйымдастырушы құжаттаманы алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттықты өткізу күнін жариялайды.

      3-3. Құжаттама:

      1) ресурстық әлеуетті бағалауды қоса алғанда, жаңа ЖЭК пайдалану объектісін салу бойынша бастапқы деректерді, маркетингтік зерттеулерді;

      2) қоғамдық тыңдаулар мен қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау нәтижелерін;

      3) жерді сатып алуға/жалға алуға арналған техникалық сипаттамалар мен шығындарды, салықтарды ескере отырып, жер учаскесін орналастыру орнын;

      4) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 210 бұйрығымен бекітілген Электр желілік қағидаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген нөмірі № 10899) (бұдан әрі – Электр желілік қағидалар) сәйкес әзірленген және келісілген қуат беру схемасы мен қосылуға арналған техникалық шарттарды қамтиды.

      Құжаттаманы дайындауды құжаттаманы әзірлеуші жүзеге асырады не уәкілетті орган қаржы-есеп айырысу орталығына береді.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Техникалық тапсырмаға сәйкес қаржы-есеп айырысу орталығы әлеуетті өтінім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қарастыру, конкурсқа қатысуға және әзірлеуші құжаттарын анықтауға арналған конкурстық комиссия құрады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін қатысушылар құқықтық қабілеттілігі және төлем қабілеттілігі бойынша біліктілік талаптарын мынадай құжаттарды ұсыну арқылы растайды:

      1) Жарғы көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі;

      3) бірінші басшыны тағайындау туралы заңды тұлғаның тиісті органы шешімінің көшірмесі;

      4) өкілге сенімхат (мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);

      5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банк деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы);

      6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжат;

      7) Электр желілік қағидаларға сәйкес берілген және келісілген электр желісіне қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмелері немесе Графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;

      8) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарды ұсынудың көшірмелері немесе Графикке сәйкес жер учаскесін көрсету;

      9) Электр желілік қағидаларға сәйкес әзірленген, мәлімделген электр қуаты 5 МВт және одан да көп "Электр станциясының қуатын беру схемалары" жүйелік операторының келісу хатының көшірмесі немесе графикке сәйкес электр желілеріне қосылу нүктелерін көрсету;

      10) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысатын қатысушылар үшін Ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен Қатысушының танысқаны туралы растау хаты.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Сауда сессиясы аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде Графикке сәйкес уәкілетті орган бекіткен мерзімде өткізіледі және 1 (бір) сағатқа созылады.

      Бұл ретте сауда сессиясы аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан өтінім түскен кезде сауда-саттық сессиясы аяқталғанға дейін бес минут ішінде қолда бар ең төменгі ұсыныстан төмен бағасымен 5 (бес) минутқа ұзартылады.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген мүмкін болатын создыруды ескере отырып, сауда-саттық сессиясын өткізудің жалпы уақыты ашылу уақытынан 3 (үш) сағаттан аспайтын уақытты құрайды.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Сауда сессиясы ашылғанға дейін Ұйымдастырушы:

      1) сауда жүйесіне белгіленген қуатты іріктеуге жоспарланған көлемдері туралы ақпаратты, шекті аукциондық бағаны және уәкілетті орган бекіткен Графикке сәйкес өзге де ақпаратты енгізеді;

      2) уәкілетті органнан алынған жоспарланған ЖЭК пайдалану объектілері үшін резервтелген жер учаскелерінің болуы және электр желілеріне қосу нүктелері бойынша ең жоғары рұқсат етілетін қуатты көрсете отырып, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосу мүмкіндігі жөнінде сауда жүйесіне ақпарат енгізеді.

      3) сауда жүйесіне аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шамалары туралы қаржы-есеп айырысу орталығынан алған ақпаратты енгізеді;

      4) сауда жүйесіне осы Қағидалардың 19-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес жер учаскелері және электр желілеріне қосылу нүктелері туралы ақпарат енгізеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімінде мынадай негізгі мәліметтер қамтылады:

      1) қатысушының атауы;

      2) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетілген, бөлу белгісінен кейін екі киловатт-сағат үшін электр энергиясының бағасы ҚҚС-сыз;

      3) белгіленген қуат көлемі 100 киловаттан кем емес және 1 (бір) киловатқа тең;

      4) ЖЭК пайдалану объектісінің салуы жоспарланатын жер учаскесі және электр желісіне қосу нүктесі;

      5) белгіленген қуаттың ең аз рұқсат етілген көлемі.

      Бұл ретте Қатысушылар өтінімде осы Қағидалардың 19-тармағының 7) және 8) тармақшаларына сәйкес Ұйымдастырушыға ұсынылған электр желісіне қосуға берілген техникалық шарттарға сәйкес жер учаскесі және электр желісіне қосылу нүктесі туралы тиісті деректерді көрсетеді не кестеден тиісті деректерді таңдайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Қатысушылар құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мыналардан асып кететін көлемдерді көрсете отыры, өтінім береді:

      1) уәкілетті орган аукциондық сауда-саттыққа шығарған белгіленген қуат көлемі;

      2) электр желілеріне қосу нүктелері бойынша ең жоғары рұқсат етілетін қуат көлемі;

      3) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шамасы.

      Құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық өткізу кезінде қатысушыдан аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде аукциондық сауда-саттыққа қойылған жобаның белгіленген қуатының толық көлеміне тең өтінім беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:

      "29-1. Құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа өтінімдер берген кезде қатысушылар әрбір қосылу нүктесіне және жер учаскесіне қатысты аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде жеке-жеке өтінім береді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Қатысушылар бір мезгілде ЖЭК пайдалану объектілерін салу жоспарланып отырған бірнеше жер учаскелеріне және аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген әрбір өтінімді қаржылық қамтамасыз ету шегінде электр желісіне қосудың бірнеше нүктелеріне құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер бере алады.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін бұрын берілген өтінімді жаңа өтінім беру жолымен өзгертеді. Бұл ретте қатысушылар жаңа өтінімдегі бағаны алдыңғы өтінімнен төмен көрсетеді, ал бұрын берілген өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды.

      Бағаның өзгеру қадамы 1 (бір) киловатт-сағат үшін кемінде 5 (бес) тиын.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Қатысушылар қабылдаған міндеттемелерді, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарында туындайтын міндеттемелерді орындау кепілдігі мақсатында аталған тұлғалар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және шарттарда қаржылық қамтамасыз етуді енгізеді.

      Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қаржылық қамтамасыз ету туралы ақпарат құпия болып табылады және жариялауға жатпайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талап нәтижесінде алынған ақша қаржы-есеп айырысу орталығының резервтік қорының арнайы шотына аударылады және (немесе) қаржы-есеп айырысу орталығы Қағидалардың 3-3-тармағына сәйкес құжаттаманы дайындауға жібереді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету мөлшері:

      1) құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықта – аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 2000 (екі мың) теңге;

      2) құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттықта – Графикте көрсетілген ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуатына көбейтілген белгіленген қуаттың 1 (бір) киловатына 5000 (бес мың) теңге.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Егер аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу шартын жасасудан жалтарса және (немесе) сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді Қағидалардың 38 және 39-тармақтарына сәйкес ұсынбаса, қаржы-есеп айырысу орталығы тиісті банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қояды.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Сауда сессиясы барысында құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;

      2) қатысушының барлық параметрлері бар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі (бағасы, өтінім беру уақыты);

      3) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген ең төмен баға (көлемін көрсетпестен).";

      мынадай мазмұндағы 50-1-тармақпен толықтырылсын:

      "50-1. Сауда сессиясы барысында құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға мынадай ақпарат ашық:

      1) уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;

      2) қатысушының барлық параметрлері бар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі (бағасы, өтінім беру уақыты);

      3) бағаны көрсете отырып, сауда-саттыққа қатысушылар берген өтінімдер.";

      51-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "51. Ұйымдастырушы мынадай шарттарды орындаған кезде баға есебін жүргізеді:

      1) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға арналған өтінімдердің белгіленген қуатының жиынтық көлемі белгіленген қуатқа сұраныс көлемінің кемінде 130% - ы;

      2) сауда жүйесінде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың екеуден кем емес саны.

      Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда, Ұйымдастырушы баға есебін жүргізбейді, сауда-саттық сессиясының жабылу уақыты аяқталғанға дейін сауда-саттықты жабады және сауда-саттықты өткізілмеген деп жариялайды.

      Осы тармақтың 1) тармақшасының ережесі электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын биомассаны, биогазды және органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отынды пайдаланатын жобаларды іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты жүргізуге қатысы жоқ.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықтарда жеңімпаздардың алдын ала тізімін анықтау сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін, сұраныс толық қанағаттандырылғанға дейін мәлімделген бағалардың өсу тәртібімен оларды сараланған тізімнен дәйекті іріктеу жолымен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттықта жеңімпазды анықтау аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді сауда-саттық сессиясына қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін ең төмен бағамен бір өтінімді таңдау жолымен жүзеге асырылады.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Егер құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттықта жеңімпаздардың алдын ала тізімінде бір атаулы қосылу нүктесі көрсетілген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға бірнеше алдын ала қанағаттандырылған өтінімдер болған жағдайда, техникалық талаптары аукциондық сауда-саттыққа қатысуға осы өтінімдердің жиынтық көлемінің осы қосылу нүктесі бойынша ең жоғары рұқсат етілген қуат көлемінен және/немесе ықтимал қосылу санынан асып түсуіне байланысты орындала алмайтын болса, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінім жеңімпаздарының алдын ала тізімінен осы қосылу нүктесі бойынша белгіленген қуаттың ең жоғары рұқсат етілген көлемі және ықтимал қосулар саны туралы шарт орындалғанға дейін бағаның кему тәртібімен алып тасталады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Егер жеңімпаздардың алдын ала тізімінен құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінім бар сұраныс кезінде толық қанағаттандырылмаса, онда сауда-саттық өткізу кезінде мынадай шарттар қолданылады:

      1) егер аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінімнің қанағаттандырылған көлемі оның мәлімделген көлемінен 50% немесе одан көп болса, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мұндай өтінім сауда-саттық қорытындылары бойынша толық көлемде не қосылу нүктесінің ең жоғары рұқсат етілген көлемін шектеу шамасынан аспайтын көлемде қанағаттандырылады. Бұл ретте, уәкілетті орган жариялаған белгіленген қуатты іріктеу көлемі сараланған тізімнен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінімнің қанағаттандырылмаған қалдығының (не оның бір бөлігінің) шамасына ұлғайтылатын болады;

      2) егер аукциондық сауда-саттыққа қатысуға соңғы талап етілген өтінімнің қанағаттандырылған көлемі оның мәлімделген көлемінің 50% - ынан кем болса, онда аукциондық сауда-саттыққа қатысуға мұндай өтінім белгіленген қуаттың ең аз рұқсат етілген көлемі туралы шартқа тексеріледі.";

      56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "56. Осы Қағидалардың 54 және 55-тармақтарында көрсетілген шарттарды тексергеннен кейін Ұйымдастырушы құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттық жеңімпазын (жеңімпаздарын) анықтайды және оларды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізеді. Бұл ретте аукциондық бағалар аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген бағалар бойынша айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 56-1-тармақпен толықтырылсын:

      "56-1. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізіміне енбеген, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын биомассаны, биогазды және органикалық қалдықтардан жасалған өзге де отынды пайдаланатын жобаларды іріктеу бойынша құжаттамасы жоқ аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға Ұйымдастырушы аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының алдын ала тізімінде көрсетілген ең төмен баға бойынша жеңімпаздардың алдын ала тізіміне енгізілгені туралы офертаны жібереді.

      Мұндай қатысушыдан келісім алған жағдайда аукциондық сауда-саттық көлемі оның берілген өтінімінің көлеміне ұлғайтылады және аукциондық сауда-саттыққа қатысушы аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 58-1-тармақпен толықтырылсын:

      "58-1. Есеп айырысу-қаржы орталығының құжаттаманы әзірлеушінің құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық жеңімпазының меншігіне беруі тиісті сатып алу-сату шартын жасасу жолымен жүзеге асырылады.

      Ілеспе салықтарды қоса алғанда, құжаттаманы әзірлеуге арналған шығындарды жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпазы есеп айырысу-қаржы орталығына аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тиісті тізілімі жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде өтейді (төлейді).";

      мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:

      "64-1. Егер құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық осы Қағидалардың 51-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеді деп жарияланған жағдайда, ұйымдастырушы оларды бір айдан кейін қайта жүргізеді.

      Бұл ретте, егер қайталама құжаттамасы бар аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланса, уәкілетті орган олардың келесі өткізу күнін айқындайды.".

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 228 бұйрығына
қосымша
  Аукционға қатысушыларға
қойылатын біліктілік
талаптарын, өтінімнің мазмұнын
және оны беру тәртібін,
аукционға қатысуға арналған
өтінімді қаржылық қамтамасыз
ету түрлерін және оларды енгізу
мен қайтару шарттарын,
қорытынды шығару және
жеңімпаздарды анықтау тәртібін
қамтитын аукциондық сауда-
саттықты ұйымдастыру мен
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі

Сауда-саттық күні

Сауда-саттықты өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты)

Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар тізіліміне енгізу үшін құжаттар қабылдау кезеңі

БЭЖ аймағы

ЖЭК типі

Сатып алынатын белгіленген қуат көлемі, МВт

Шекті аукциондық баға шамасы, тг/кВт*сағ

Пайдалануға енгізу талап етілетін күн, шарттың қолданылу мерзімі

Жобаның белгіленген қуатының 1 кВт есебінен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімнің қаржылық қамтамасыз етуі

Жобаның белгіленген қуатының 1 кВт есебінен сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету

Құжаттама ның болуы (бар/жоқ)

шағын 0,1-ден 10 МВт дейін қоса алғанда ( 0,75 МВт басталатын ЖЭС үшін)

ірілері 10 МВт және одан жоғары














Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады